Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
8 (7122) 50 43 36
RUHANIAT ÄLEMI
RUHANIAT ÄLEMI
облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Балаларды жат діни ағымнан сақтаудың жолдары
Кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі жастар буыны, ал бұл тікелей жас ұрпақтың білім мен білік сапасына, ойлау санасына және олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Түрлі жаңа технологияларды тез меңгеретін, жаңашылдыққа дайын болатын, жаңалықтар мен тың идеяларға серпін беретін қоғамның ең өзекті бөлігі жастар екендігі даусыз және де қоғамның ең иілгіш және сенгіш тобы деп айтсақ та артық болмас.
Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Өкінішке орай жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Білімсіз адамның өзіне деген сенімсіздігі, дін төңірегіндегі сұрақтар туралы кішкене болса да ақпараттың болмауы, ненің ақ, ненің қара екенін ажырата алмай жатады. Жат ағым жетегінде жүрген азаматтардың басым көпшілігінің діни сауаты жоқ.
Жастрдың теріс діни ағымның жетегінде жүруге бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп - ғаламтор мен әлеуметтік желілер. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттерінде тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сипаттағы топтардың әлеуметтік желілерде адамды қызықтыратын түрлі материалдармен бөлісуі, жастардың ақпараттарды дұрыс сүзгіден өткізе алмауы адасуға әкеліп соғуда. Әлеуметтік желілерде ақпараттардың ашық болуы, әр алуан мағлұматтардың көптігі жастарымыздың санасының улануына себепкер болуда.
Екінші себеп – отбасындағы тәрбие. Әке-шешенің, туған-туыстың діни, рухани беретін тәрбиесінің мардымсыздығы немесе ата-анасы толық емес отбасылардан шыққан балалардың, жан жылулығын жанұядан таппай, көшеден іздейтіні тағы бар. Күнкөрістің қамымен жүріп, күйбелең тіршіліктің соңына ілесіп, балаға тәрбие беруге келгенде, салғырттыққа салынып жатырмыз. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген даналық сөзі осыған дәлел. Ұяда дұрыс діни тәрбие ала алмаған бала ұшқанда тағдырдың қатал қатпарларына соғылары анық.
Үшінші себеп – әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы және жұмыссыздық. Тұрақты табыс көзі жоқ азаматтар арам пиғылды дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің құрығына тез ілігеді. Жұмысқа тұрғызу, қаржылай көмек беру, баспанамен қамтамасыз ету секілді тұрмыстың жақсаруына себепкер болатын дүниелерді ұсынып, өздерін жақсы көрсетіп, қарапайым халықтың адасқан екенін түсіндірумен әлек болып жатады. Тұрмыстық тауқыметтің ауыр кезеңінде қол ұшын берген азаматтардың қандай да бір өтінішін немесе бұйрығын орындау ол азаматқа түкке тұрғысыз оп-оңай іс болып қалады.
Төртінші себеп – психологиялық күйзеліс. Жас кезін-де алған кейбір психологиялық соққы, болашағының бұлыңғырлануына себепкер болуы әбден мүмкін. Отбасындағы зорлық-зомбылық, ата-анасының немесе жақын туыстарының ішімдікке, нашақорлыққа әуес болуы, достарының арасында абыройсыздық немесе белгілі бір жағдайларға байланысты өзін жайлы сезіне алмауы, кейбір жағдайларда өзінің жасаған ісінен қатты қорқуынан, ұялуынан, ыңғайсыз сезінетінінен психологиялық күйзеліске ұшырап, ауыр соққы алуы әбден мүмкін. Осындай қиын кезеңдерде жанында демеу болатын адамның табылмауына байланысты жат ағым жетегіне еріп жатады. Жақын адамы көрсетпеген жан жылулығын өзгеден табу арқылы өзінің қалай ағым мүшесі болғанын білмей қалған жайттар кездесіп жатады.
Бесінші себеп– өскен ортасы, құрбы-құрдасы, достары және жұмыс орны. Халық даналығындағы «Достарыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын» деген сөзі босқа айтылмаса керек. Балалық шақтан бірге өскен ортасы қандай болса, бала сол жақа бүйрегі бұрып тұратыны анық. Байқасаңыз, иманды, діни ортада өскен бала барынша діни азамат болып өседі, спортқа әуес болған балалар белгілі бір деңгейде спортқа ден қойған, физикалық мығым болып келеді. Өкінішке қарай, зиянды іс-әрекеттер жиі орын алатын орталарда жамандыққа бір табан жақын болып өсетіні аны. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар арасында, құрылыс материалдарын сататын сауда орталықтарында, базарларда, сауда үйлерінде кейбір азаматтардың дәстүрлі емес ағым жетегіне еріп, жаңа бір бауырларымен өзін жайлы сезінетінін құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүр.
Алтыншы себеп– күмәнді діни оқу орындары. Еліміздегі жастардың санасының улануына шетелде күмәнді діни оқу ордаларында білім алған азаматтардың тигізген зияны орасан зор. Тәуелсіздіктен кейін шекаралар ашылып, шетелде білім алу қолжетімді болған сәтте қазақ жастары жапа-тармағай шетелге жөнелді. Ең өкініштісі, ол жақтарда біздің ұлттық дәстүріміз бен дінімізге сәйкес келмейтін басқа бір біліммен сусындады. Шетелге барған, діни сауаты аз жастар заңсыз хужраларда, тіл курстарында сабақ беретін «шейхтардың» улы уағызын бойына сіңіріп, елге қайтады. Елімізге оралған кезде әр жерлерде қызметке орналасып, жастардың улануына себепкер болды.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген діни адасудың түрлі себептерінің шешімін тауып, жастарға жол көрсетіп, жөн сілтеп, дұрыс бағыт-бағдар беру – ата-ана мен аға буынның міндеті. Қоғам арасындағы ең белсенді және әлсіз, сенгіш, өмірді тануға деген қызығушылығы жоғары жастардың тобына сенім білдіріп, қолдау керек. Барлық мәселелерді жастардың өзі кінәлі дегенге алып келмей, ел болып, жұрт болып бірге атсалысуымыз қажет. Діннің адалдығына еремін деп, жат пиғылды теріс діни ағымдардың алдауына түсіп қалмауы қажет.
Әбір ата – ана дүниеге шырылдап сәби келген соң, періште пәк жасына дейін мейіріміне бөлеп өсіреді. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөледі. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындықтарынан шығатын жолға баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Ешбір ата-ана баласының діни теріс ағымға еріп кетсін деп ойламайтыны анық. Алайда қазіргі таңда ата-ана бала тәрбиесінде күйбелең тіршілікпен арпалысып жүріп бала-шағасына материялдық жағдай жасаймын деп рухани жағынан аса мән бере алмай қалып жатады. Психологиялық тұрғыда бала үнемі ата-анасын үлгі тұтып барлық сұрақтың шешімін ата-анам біледі деп ойлайды. Қанша жерден ата-ана баласын қызғыштай қорғасада жоғарыда айтылған факторлар балаға өз әсерін тигізбей қоймайды.
Мысалы қазіргі таңда ата-ана діннен шошып қалғандықтан баласының діни ғибадаттар атқаруына қарсы болып, оның қызыққан рухани дүниесіненің қажетін өтемей, баласын күшпен қорқыту арқылы тиып тастайды. Негізінде ата-ана дінді жоққа шығармайды, өзін мұсылман санайды. Ғибадаттан баласын тиуының себебі теріс діни ағымға түсіп кетеді деп ойлауы, ал баласын ғибадаттан тиуы сол теріс діни ағымға еріп кетпедуің бірден-бір шешімі деп түсінуі. Бірақ ол бала кәмелет жасына жеткенде жоғары оқу орнына түседі немесе жұмыс жасап ата-анасынан ажырап үлкен өмірге аяқ басады. Солай бұрынғы бала кездегі рухани ізденісін өз бетінше іздестіре бастайды. Алайда бала кезінде діни бағыт-бағдарды ата-анасынан алмағандықтан, жоғарыда айтылған түрлі себептермен деструктивті діни ағымдардың жетегіне еріп кетеді. Тіпті кейбір жағдайларда баласы ата-анасынан теріс айналып, оның пісірген асын харамға шығрып, араласпай кетіп жатады. Бұның себебі жас кезінде ата-анаң саған намаз оқытпады, ол кәпір, оған бағынба деп үйрететін теріс діни ағымды дәріптейтін надан ұстазының бір ауыз сөзі болады.
Сондықтанда теріс діни ағымнан баласын аман алып-қаламын деген ата-ана діни сауатты болуға қазіргі таңда қаласа да, ақаламаса да мұқтаж. Егер діни сауаты болмаса жергілікті мешіт имамдары мен теологтарға жүгініп баланың рухани ізденісіне бағыт - бағдар беруі қажет.
Кез келген ата-ана діни қауіпсіздік мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстанып, дәстүрлі діни бағытпен (Абу Ханифа мазхабы, еліміздегі ҚМДБ – ға қарасты барлық мешіттер осы мазхапты ұстанады. Бұл мазхап қазақ халқының, тіпті орта азия мұсылмандарының мыңдаған жылдан бері ұстанып келе жатқан құран сүннетті үйрететін жолы болып есептеледі. Сол мыңдаған жылдан бері дәстүрімізге сіңіп кеткендіктен Дәстүрлі діни бағыт деп аталады) дәстүрлі емес діни бағытты ажырата білуі қажет. Балаңыздың теріс діни бағытқа түспесін десеңіз төмендегі ережелерді қатаң сақтауыңыз керек:
1. Көшеде кетіп бара жатқанында, бейтаныс адаммен діни тақырыпта әңгімелесуден бас тарту.
2. Діни біліммен құлшылықтарды тек қана жергілікті мешіт имамдарымен ұстаздарынан үйрену.
3. Әлеуметтік желіден ҚМДБ ұстаздарының уағызынан басқасын тыңдамау.
4. Әлеуметтік желіден Дильмурат, Назаратулла, Уктам Зауырбеков, Дарын Мубаров, Алтай Беріш, сияқты уағызшыларды мүлдем тыңдамау (Уахабилік бағытты қазақ тілінде уағыздаушылар).
5. Намаз оқу, ораза ұстау сынды ғибадаттарды базардағы телефон сатушы, таксист, немесе тренерден емес, арнайы діни білім алған мешіт имамдарынна үйрену.
6. Балаңыздың дінге қызығушылығын байқасаңыз оны тиып тастамаңыз. Керісінше рухани ізденісіне бірге жауап іздеп, қолынан ұстап жергілікті мешіт имамымен таныстырыңыз.
7. Діни кітап сатып аларда міндетті түрде жергілікті әкімшіліктен рұқсаты бар дүкеннен алыңыз және кітаптың алғашқы бетінде ҚР Дін істері басқармасының сараптамасынан өткендігіне көз жеткізіңіз.
8. Теріс діни ағымның негізгі белгісі, сан ғасырлар бойы қалыптсақан салт-дәстүрді жоққа шығару. Мысалы жеті шелпек пісіру, кісі қайтқанда үші, жетісі, қырқы қонақ астарын жоққа шығару. Келіннің сәлем салуын терістеу. Құран бағыштап бет сипауды жоққа шығару. Өмірін ұлтына, елімен дініне қызметке арнаған әулие аталарамызды жоққа шығару және оларды адасқан деп тану. Мешіт имамдарын адасқанға шығаруда теріс діни ағым өкілдерінің негізгі сипаттарынан. Әрбір ата – ана тым болмаса осы жоғарыда көрсетілген ережелерді біліп баласының болашағы үшін діни сауатты бола алса ғана теріс діни ағымнан ұрпағымызды аман алып қаламыз деп ойлаймын. Себебі тарихымыздан ойып тұрып орын алатын, өмірін ұлтқа қызметке арнаған Алаш автономиясын құрған аталарымыз болсын, Абай, Шәкірім, қай-қайсысын алып қарасақта бала кезінде ауыл молдасынан діни білім алып ары қарай дүниелік білім алу арқылы екі қанатты құстай еліміздің бетке ұстар ешқашан ұмытылмас тұлғаларына айналған.

«Шапағат» қоғамдық қорының теологы
Шүкіріддін Темірқұлұлы