Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
8 (7122) 50 43 36
RUHANIAT ÄLEMI
RUHANIAT ÄLEMI
облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Ұлттық құңдылық – ұлттың тірегі
Ұлттық құңдылық – сан ғасырлар бойы басқа ұлттан ерекшелеп тұратын қазақ халқынын рухани мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өмір сүру салты, тілі, діні, мәдениеті, дүниетанымы. Бұл бір ретте пайда болған ұстаным немесе белгілі бір адамның жүйесі емес, бәлки қаншама ғасырлық тәжірибе мен ғасыр көзін көрген қоғамның қайнар көзі.
Қазіргі таңда қарқынды жаһандану дәуірінде ұлттық құңдылықтарымызды сақтап қалу, өткеннін қайнар көзін қастерлеу ғана емес, онын мәнін түсініп, өз өмірімізде құңдылықтарды қолдана білу болып табылады.
Ұлттық құңдылықтардың бастауы алдымен үйдегі тәрбиеге негізделері сөзсіз. Себебі қазақта: «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «тәрбие - отбасыдан басталады» деген ұлағатты сөздер осыған дәлел. Олай болса, ұлт тәрбиесінің бастауы ол - отбасы. Ата-ана тарапынан баланың санасына сіңірілген ұлттық құңдылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, салт-дәстүр өнегесі, тарих жәдігері, ертегілер мен аңыз оқиғалар, Отанға деген махаббат сынды ұстаным баланы қатардағы адам ретінде емес, керісінше оның тікелей дүниетанымынын кеңеюіне, мәдениеті мен даналығына жол ашуға, Отанға деген сүйіспеншілікке, ізгі ұрпақтың негізін қалыптастыруға алып келеді. Бұл жүйені тек бір отбасы емес, қоғам болып отбасы ішіне еңгізе білсе, адам тұлғалық дәрежеге, тұлғалық дәрежеге жеткен жанның артынан қоғам өзгереді. Ол үшін ұлттық құңдылықтарды дәріптей келе, дін мен дәстүрдің адамгершілік, жауапкершілік, қайырымдылық, адалдық, еңбекқорлық деген қасиеттері де адамның алға дамуы мен негізделуіне жол ашады. Себебі ұлттық құңдылықтарды бойға сіңіру, баланың алға қойған мақсатын нақтылауға, өмірдің мәнін түсінуге, ішкі тіректі қалыптастыруға үлкен әсерін тигізбек.
Ұлттық құңдылықтарды сақтау мерекелік киімдер мен дәстүрлі тағамдарды әзірлеумен шектелмейді. Ол күнделікті өміріміздегі мемлекеттік рәміздердерді сыйлауға, тілімізді құрметтеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, ізгілік ұстанымынан айырылмауға, адалдыққа, жақсы тәрбиеге тырысуға, мұқтаждарға қол ұшын созуға үндейді.
Ұлттың болашағы – тәрбиелі де ізгі ұлттың қолында. Ұлттық құндылық – өткеннің естелігі ғана емес, болашаққа бастайтын рухани бағдар. Өзінің тамырын таныған, тарихын құрметтеген, тілін ардақтаған ұрпақ қана елінің ертеңіне сеніммен қарай алады. Ендеше, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Данаева Назгүл
«Шапағат» деструктивтік діни
ағымдардан жапа шеккендерге
көмек орталығы» қоғамдық қорының
теолог маманы