Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
Logo
  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Сұрақ-жауап

8 (800) 455-04-04

  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Cұрақ-жауап


8 (7122) 50 43 36

RUHANIAT ÄLEMI

RUHANIAT ÄLEMI

облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды
Ош қаласында (Қырғыз Республикасының ірі әкімшілік орталықтарының бірі) Абай Құнанбайұлы атындағы көше, ескерткіш және музейдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Ашылу салтанатында Аида Балаева қатысушыларға алғыс білдіріп, бұл бастаманың ерекше маңызына тоқталды. «Биыл тамыз айында Бішкек қаласында ұлы қаламгерлер Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған композициялық ескерткіш ашылған болатын. Сол игі дәстүрді бүгін Ош жерінде Абайдың есімімен жалғастырып отырмыз. Сондықтан бүгін ашылып отырған ескерткіш, көше және музей – тек мәдени нысандар ғана емес. Бұл – екі елдің бауырластығын, рухани сабақтастығын және өзара құрметін көрсететін мәңгілік белгі, ұрпақты білім мен парасатқа жетелейтін ортақ құндылық екені сөзсіз», – деді министр. Аида Балаева екі ел басшылары екіжақты қатынастарды дамытуға айрықша үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаевқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – II дәрежелі «Достық» ордені табысталды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды | Қазақстандағы Ислам
Logo
  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Cұрақ-жауап
Logo
Контактные данные
Отправка формы
Подтвердите, что вы не робот
или нажмите Enter

Оформить заказ

Қабылданды!
Хабарламаңызға рахмет.