Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
8 (7122) 50 43 36
RUHANIAT ÄLEMI
RUHANIAT ÄLEMI
облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Қоғамдағы діни әртүрлілікті ескере отырып,
бейбітшілік пен келісімді сақтау
бейбітшілік пен келісімді сақтау
Дін – өркениетті адамзат тарихында көне дәуірден орын алған маңызды рухани құбылыс. Мәдениет пен діни құндылықтар дәстүрлі діни жүйелердің адамзат баласының рухани жан дүниесін жетілдіруге және адамға өмірдің маңызды мәселелерін шешуде тұғыр болуда. Бұл жағдайда дінаралық сұхбаттастыққа басты мән беру әлемдегі тыныштық, бейбіт қатар өмір сүруге жол бастайтын басты ұстаным екендігі алға шығады.
Дінаралық келісім мәдениеті «толеранттылық», «төзімділік», «дінаралық сұхбат» ұғымдарымен дәріптелуде. «Толеранттылық» ұғымы ғасырлар бойы қалыптасып, мағыналық тұрғыдан толыққан.
Дінаралық келісім – Қазақстанның қоғам өміріндегі маңызды жетістіктерінің бірі мен бірегейі. Түрлі ұлттар мен этностардың діндерінің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі, бүгінгі қазақ еліндегі бөлінбейтін біртұтас жасампаздық пен келісімнің негізі.
Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесінде біріктіру саясатын ұстанған.
Осылайша, Қазақстан егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап көпэтникалы жəне көпконфессиялы қоғамда этностардың өзіндік ерекшелігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.
Қазақстанның қарқынды дамуының тірегі болып саналатын ұлтаралық және конфессияаралық келісімі еліміздің алға қарай нық қадам басуына мүмкіндік беретін зор алғышарт болып табылады. Сан алуан халықтар арасындағы достық, келісім мен бейбітшілікті сақтау үшін ел болып жұмылған күйде күнделікті және тұрақты түрдегі тынымсыз әрекеттер жасалынуы қажет. Сонда ғана Қазақстанда етене өмір сүретін сан алуан ұлт және конфессия өкілдерінің дауысы қуатты бір сарынға айналатын болады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның дамуына тән ерекшеліктердің бірі қоғам өміріндегі діннің рөлінің артуы болып табылады. Оның өзектілігі мен мәртебесі артып, әлеуметтік функциялары кеңейіп, дінге сенушілер мен діни бірлестіктердің саны өсуде. Соңғы онжылдықта республикамыздың көпконфессиялы кеңістігі дәстүрлі діни сенімдердің діни бірлестіктерінен бөлек, бұрын Қазақстанда болмаған дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жаңа ұйымдарының енуімен күрделене түсті. Қазіргі таңда Қазақстанда 18 конфессиядан тұратын 3720 діни бірлестік жұмыс жасауда. Осындай өзгерістер аясында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни жанданудың бірдей мүмкіндіктері қамтамасыз етілген және халықтың біртұтастығы, ізгілік, ұлт құқықтары мен адам құқықтарын үйлесімді ұштастыру қағидаттары іс жүзінде көрініс тапқан сан алуан мәдениетті және конфессиялы қоғамда келісім мен төзімділікті қалыптастыру ісіндегі Қазақстанның жетістіктері айқын көрінеді.
Дінаралық мәдениетті қалыптастыруда қазіргі таңда жоғары білікті кәсіби мамандардың рөлі артып отыр. Бұл арада дінтанушыларға атқарылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Дінтанушы кез келген мәселеге баға беруде орта жолды ұстау керек, ал орта жолды ұстаудың қиындығы мол. Дін өкілдері әрқайсысы өз тарапынан, сол өзі уағыздайтын діні тарапынан ойын ашық, бүкпесіз айта алады, зайырлы дінтану ғылымының өкілдері субъективтіліктен жоғары болып, дін туралы мәселелерді бағалауда, сараптауда объективтілікті басты принцип ретінде ұстануы тиіс. Мұндай шараларды атқаруға дайындық, мемлекет тарапынан үздіксіз және жоспарлы түрде іске асып келеді. Жоғарыда аталған ұлтаралық, конфессияаралық қатынастар мен жеке адам санасы, тәрбиесі, дүниетанымы, діни ұстанымы осындай әрекеттермен жолға қойылып отыр. Мектеп қабырғасындағы «дінтану», «тәрбие» сабақтары жоғары, орта оқу орындарындағы арнаулы курстар, тәрбие сағаттары мен түрлі лекциялар олардың өмірлік мәнін аша түсуде. Дінтану – діндер туралы ілім болғандықтан діннің шығуы, мәні және дамуы, діни ілімдер, ғибадаттар және олардың ерекшелігі туралы кешенді білім. Сондықтан дінтануды оқытуда негізгі ұстаным діндер туралы толыққанды ғылыми негізделген тұжырымдар мен әлемдік дінтану саласындағы жетістіктермен нәтижелер баяндалуы тиіс, яғни пәнді қарастыруда нақты-тарихилық және объективтілік басты өлшем.
Оразғалиев Қуаныш
«Шапағат» деструктивтік діни
ағымдардан жапа шеккендерге
көмек орталығы» қоғамдық қорының
теолог маманы