Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
Logo
  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Сұрақ-жауап

8 (800) 455-04-04

  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Cұрақ-жауап


8 (7122) 50 43 36

RUHANIAT ÄLEMI

RUHANIAT ÄLEMI

облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Толеранттылық - татулықтың нұсқасы 
Қазіргі жаһандану дәуірінде әртүрлі мәдениет, тіл және дін өкілдерінің өзара түсіністікпен өмір сүруі аса маңызды. Осындай ортада қоғамның тұрақтылығы мен бірлігі тікелей толеранттылық деңгейіне байланысты.Толеранттық латын тілінен аударғанда tolerantia – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, наным-сенімге, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. XХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап,толеранттық ұғымы елімізде қолданысқа ене бастады. Толеранттылық – адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген, демократиялық қағидалардың бірі.Сонымен қатар, ол қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің қаншалықты дамығанын айқындайтын көрсеткіші.
Бүгінде Қазақстанда бірлігі мен ынтымағы жарасқан, ортақ мақсат-мұратқа ұйысқан 120-дан астам ұлт пен 40-қа жуық конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздің толерантты мемлекет екенін айқын дәлелі. Ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылық Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі.Көпұлтты мемлекеттерде толеранттылықтың рөлі ерекше. Өйткені әртүрлі этностар мен діни топтардың бейбіт өмір сүруі қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың нышаны екені айдан анық.
Ислам діні де толеранттылықты, яғни өзге адамдарға құрметпен қарауды, әділ болуды және мейірімділікті насихаттайды. Құранда Алла Тағала: «Дінде зорлық жоқ» (Бақара сүресі, 256-аят) деп айтылған. Бұл аят әр адамның сенім таңдау еркіндігін айқын дәлелі. Сонымен қатар, «Сендердің діндерің – өздеріңе, менің дінім – өзіме» (Кәфирун сүресі, 6-аят) деген сөздер өзге дін өкілдеріне құрметпен қараудың маңызын көрсетеді.Басқа бір аятта Алла Тағала: «Ей, адам баласы! Күмәнсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тану үшін сендерді ұлттар мен руларға бөлдік» («Хужурат» сүресі, 13-аят) деп адамзаттың қоғам, ұлт болып өмір сүруі алауыздық емес, керсінше өзара танысып, түсіну үшін берілгеніайтылған. Яғни, ислам дінінде ұлтаралық татулық пен өзара сыйластық жоғары бағаланады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадистерінде де толеранттылылықтың мәні кеңінен көрініс тапқан.Пайғамбарымыз: «Адамдарға мейірімді болмағанға Алла мейірім етпейді», - деген. Бұл хадис әрбір адамды мейірімділікке, кешірімділікке шақырады. Сонымен қатар, Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Ешбірің өзіне жақсы көргенді бауырына (немесе көршісіне) де жақсы көрмейінше, (толық) иман келтірмейді», - деген хадисте адамдар арасындағы өзара сыйластық пен түсініктің маңызын айқын көрсетеді.
Қоғам үшін ең маңызды құндылықтардың бірі – ел ішіндегі ауызбіршілік пен татулық. Құран Кәрімде: «Бәрің Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, бөлінбеңдер» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят) деп, адамзатты бірлікке үндейді. Бұл – қоғамның берік әрі тұрақты болуының негізі.Елдегі ынтымақ пен өзара келісім – мемлекеттің болашағына сеніммен қарауға жол ашады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бөлінушілікке жол ашқандар – бізден емес» деп, жікке бөлінудің қауіпті екенін ескертеді. Қазақ халқы да ежелден бірлікті жоғары бағалап, «Бөлінгенді бөрі жейді» деп татулықтың маңызын айқындап кеткен.Сондықтан әрбір мұсылман адам қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға атсалысып, ел ішіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға өз үлесін қосуға тиіс.
Ежелден халқымызға тән діни толеранттылық ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі. Ол әрдайым діни алауыздыққа тосқауыл болып, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтауға қызмет етіп келеді.Діни толеранттылық түрлі конфессия өкілдерінің бір кеңістікте қатар өмір сүруіне, өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың нығаюына мүмкіндік беруде. Осындай келісім мен татулық ел ішіндегі тыныштықты сақтап қана қоймай, оның тұрақты дамуына, сондай-ақ жалпы адамзаттық өркениет пен рухани құндылықтардың өркендеуіне ықпал етеді.
Діни толеранттылықты қалыптастыру конституциялық демократиялық құқықтар мен бостандықтарды толық жүзеге асырумен, қоғамның рухани мәдениетінің деңгейімен және қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты. Бұл құндылық Қазақстандағы әлеуметтік-философиялық ойдың барлық кезеңдерінде айқын көрініс тауып, әр дәуірде өз жалғасын тапты.Соның жарқын мысалдарының бірі – әйгілі Қожа Ахмет Яссауи ілімі. Ол адамдарды өзге ұлттар мен дін өкілдеріне құрметпен қарауға үндеген. «Егер сенің алдыңда Құдайға сенбейтін адам болса, оны ренжітпе. Жаратқан Ие қатыгез жүректен, ренжіткен жаннан бұрылады» деген өсиеті арқылы адамгершілік пен төзімділіктің маңызын айқын көрсеткен.Абай Құнанбаев өзінің өлеңінде толераттылықты былайша сыйпаттайды:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті ...
Қорытындылай келе, толеранттылық – қоғамдағы бейбітшілік пен бірліктің негізгі кепілі. Ежелден халқымызда қалыптасқан діни және ұлтаралық толеранттылық Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына айрықша ықпал етті. Құран Кәрім мен хадистерде адамдарды бірлікке, әділдік пен мейірімділікке шақырса, ұлы ойшылдар мен ақындар, соның ішінде Қожа Ахмет Яссауи және Абай Құнанбаев, өз шығармаларында өзгелерге құрметпен қарау мен татулықты дәріптеді.
Қазақстандағы әртүрлі ұлт пен конфессия өкілдерінің бір кеңістікте қатар өмір сүруі, олардың арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастық, қоғамдағы рухани мәдениеттің, демократиялық құқықтар мен бостандықтардың жемісі. Толеранттылық тек әлеуметтік қажеттілік емес, сонымен қатар рухани және адамгершілік құндылық ретінде елімізде бейбітшілік пен келісімнің негізін қалыптастырады.

Ринат Қалмазұлы 
«Бәріміз біріміз үшін» қоғамдық қорының директоры
Logo
  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Cұрақ-жауап
Logo
Контактные данные
Отправка формы
Подтвердите, что вы не робот
или нажмите Enter

Оформить заказ

Қабылданды!
Хабарламаңызға рахмет.