Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
8 (7122) 50 43 36
RUHANIAT ÄLEMI
RUHANIAT ÄLEMI
облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Күйеуіне темекіні тастатқан ақылды әйел
Бір жігіт намаз оқитын қызға үйленген екен. Өзі де намазхан болса да, бір жаман әдеті бар еді – темекі көп шегетін. Алғашқы неке түнінен кейін, оянған соң қараса, жұбайының басы аяқ жағында жатқанын көреді. Жұбайынан: «Сүйіктім, неге басыңды бір жастыққа қоймай, аяқ жағыма қойып жатсың?» деп сұрайды. Сонда ақылды жары: «Отағасы, басымды бір жаққа қояйын десем, ауызыңыздан жаман иіс шығады екен. Одан гөрі аяғыңыздың иісін иіскеп жатайын деп едім», – деп жауап беріпті. Жігіт оның себебі темекі шеккен айыбынан екенін біліп, сол күннен бастап жаман әдетінен арылыпты. Әлбетте, темекі шегу – Алла тыйым салған жаман істерге жатады. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім сарымсақ не пияз жеген болса, бізге жақындамасын немесе біздің мешітімізге жақындамай үйінде отырсын», – деп бұйырған болатын. (Бухари) Осының бәрін ақылды әйел, оңтайлы жолмен жарына жақсы жеткізіп, харамнан тыйылуына себепші болды. Алла әрбір отбасына имандылықты, бір-біріне лайықты жар болуды нәсіп етсін! Қуат ҚАБДОЛДА
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Күйеуіне темекіні тастатқан ақылды әйел | Қазақстандағы Ислам
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Күйеуіне темекіні тастатқан ақылды әйел | Қазақстандағы Ислам