Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
Logo
  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Сұрақ-жауап

8 (800) 455-04-04

  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Cұрақ-жауап


8 (7122) 50 43 36

RUHANIAT ÄLEMI

RUHANIAT ÄLEMI

облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Зайырлылық қазақ қоғамының рухани дамуының негізі
Зайырлылық ұғымы-Қазақстанның мемлекеттік құрылымының незігі ғана емес, қоғамның рухани кемелденуінің басты кепілі болып табылады. Зайырлылықтың мақсатын дінсіздікпен, атеизммен шатастыру үлкен қателіктердің бірі. Бұл ұғым керісінше әрбір тұлғаның сенім бостандығын қорғайтын және қоғамдағы түрлі конфессияаралық келісімді сақтауға көмек беретін жүйе. 
   Зайырлылық рухани дамуға кедергі келтірмейді, керісінше оған кең ойлануға жол ашады. Зайырлылық ұғымының негізгі принциптеріне келетін болсақ: 
  1. Ар ождан бостандығы: Әрбір адам өзінің қалауынша дінді ұстана алады, немесе ешқандай дінді ұстанбауынада рұқсат етіледі. Бұл адамның моральдық құндылықтарды жоғары қоюға әкелетіні сөзсіз.
  2. Төзімділік пен толеранттылық: Қазақстан Республикасы түрлі дін, ұлт өкілдерімен тату тәтті өмір сүріп жатырған мемлекеттердің бірі. Яғни басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластық бірінші орындарда тұратының көрсетеді.
  3. Білім мен ғылымның басымдылығы: Рухани даму тек діни біліммен шектелмейді. Ол өнер, әдебиет, музыка, ғылым және жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Яғни тар түсініктер орын алмайды.
Ұлттық бірегейлік және дәстүрлі құндылықтар
Қоғам үшін зайырлылық ұғымы бүгін, кеше енгізілген принцип емес. Себебі ата бабаларымыз діни ұстанымды ұлттық құндылықтармен ұштастыра белгенің көруге болады. Абай Құнанбаев атамыз діни білім алғанымен, елге деген тәрбиелі өлеңдерімен, қара сөздерімен тарих бетінде қалған. Адам тек діни тұрғыдан дамуды ойлап, қалғаның тәрк ететін болса құлдырауға келетіні сөзсіз. 
  1. Дәстүрлі ислам мен зайырлылық үндестігі:Орталық Азияда ханафи мазһабының кең таралуы қазақ халқының табиғатына, мінез құлқына, зайырлы принциптеріне рухани негіз қалыптастырды. Қазақ қоғамының ұстанған діни нормаларын одан әрі толықтырылды.
  2. Салт дәстүр тәрбие көзі: Үлкенге құрмет, кішіге ізет, көрші ақысы тәңір ақысы деген принциптер зайырлы қоғамның адамгершілік нормаларын тек жоғарлата берді. 
Зайырлы қоғамда әр адамның дәрежесі мемлекет тарапынан тең. Мейлі ол қазақ болсын, мейлі басқа ұлт өкілі болсын. Зайырлылық ұғымы адамдарды тәрбиелік мәңі бар нормаларға үйрететінің көруге болады. Бұл қоғамда түрлі радикализмге, басқа адамдарға қауіп қатер тудыруға жол бермейді. Адамның басының амандығы бірінші орында. Зайырлылық- дінді қоғамдық өмірден шеттету емес, діни сенімді мемлекеттің саяси мақсаттарға пайдалануға жол бермеу және рухани әлемді таза сақтаудың жолы. Ислам діні алтын ортаны ұстануға үндейді. Алтын орта дегеніміз: мемлекеттің бекіткен заңдарына бағыну, өзгенің діни сеніміне құрметпен қарау және өз рухани құндылықтарды еркін ұстау дегенді білдіреді. Ешқандай діни нормалар адамдарды қатігез болуға, басқа адамды айыптауға, жауласуға рұқсат бермейді. Қазақстанның рухани жаңғырып дамуына білімді, саналы және партриот ұрпақты тәрбиелеуге негізделген. Бұл жолда зайырлылық принципінің алатын орны:
Радикализм мен экстремизмді алдын алады;
Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Мәдениеттер диалогына жол ашады.
Қорытындылай келе, зайырлылық біздің қоғамның тыныштығы. Бұл жүйе арқылы қоғам рухани дамуы мен қатар білім мен ғылымға деген құштарлығы өшпейді деуге болады.

М.Рустамқызы
Дінтанушы
Logo
  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • Фотогалерея
  • Бейнероликтер
  • Cұрақ-жауап
Logo
Контактные данные
Отправка формы
Подтвердите, что вы не робот
или нажмите Enter

Оформить заказ

Қабылданды!
Хабарламаңызға рахмет.