Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
8 (7122) 50 43 36
RUHANIAT ÄLEMI
RUHANIAT ÄLEMI
облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Бізді танимысың?
Адамзаттың асылы болған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сырқаттанып қалған жанның көңілін сұрап, дұғасын алып шығыңдар. Өйткені сырқаттанып қалған жанның тілегі қабыл болады. Күнәсі да кешіріледі» [1] және тағы бір хадисінде «Аурудың көңілін сұрап шыққан кісі, қайтып оралғанша жәннат жолында болады» [2] – деген екен. Осындай маңызды болған іске мұсылман ретінде енжарлық танытпауымыз керек. Бұл да бір мұсылманның екінші бір мұсылман бауырының алдындағы міндетінің бірі әрі жауапкершілігі болып табылады. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға бұл істің маңыздылығын төмендегі мына хадис-шәріпі қуаттай түседі. «Алла Тағала қиямет күнінде былай дейді: – Ей, адам баласы! Сырқаттанып қалдым. Сен менің көңілімді неге сұрамадың? дейді екен. Адам баласы: – Сен әлемдердің Раббысысың, мен Сенің көңіліңді қалай сұрап шығамын? – дейді. Алла Тағала да: – Пәленше деген құлым сырқаттанып қалған еді. Сен оның көңілін сұрап шықпадың. Оған кіріп шықсаң, мені соның қасында табар едің. Мұны білмеуші ме едің? – дейді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сырқаттанған жанның жасаған дұғасы, періштелердің сұраған дұғасы тәрізді болатындығын білдірген екен. [4] Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Көңілімді неге сұрамадың?» | Қазақстандағы Ислам