Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?
Садақа – өмірді өзгертетін амал!
Тауып айтылған сөз
Зайырлы елдің заңдары толерантты
Аш адамдарды алалау
8 (7122) 50 43 36
RUHANIAT ÄLEMI
RUHANIAT ÄLEMI
облыстық ақпараттық газеті
облыстық ақпараттық газеті
Қазақ зиялыларының діни көзқарасы
Адам баласы қандайда бір дінде, наным–сенімде болады. Дін Жаратушы мен жаратылыстың арасындағы тылсым байланыс дейтін болсақ, дінсіздердің өзі сол тылсымнан қуат күтеді, қорқады, тағдырдың өз қолында еместігін біледі. Сондықтан әлемдегі халықтың 80 пайызы өздерінің шаңырақтарында құлшылық етеді екен. Мемлекет құраушы қазақ халқының негізгі ұстанған діні ислам болса, сол діннің қамқоршысы қазақ билігі, қазірде қамқоршысы, болашақта да солай бола бермек. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», дегені белгілі. Енді әріге шегініс жасасақ. «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсынов: «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу» деп ислам дінінің әділдікті, шындықты жақтайтынын айтады. Тіпті, ислам ғұламаларының мемлекет билеудегі амал-тәсілдері жайлы айтады. Исламның ең алғашқы шарты – иман. Иман – жазылған заңнан да әділ. Ал дана Абай болса: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деп исламдағы иман парызының рөлін көрсетеді. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз да: «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады», деп, иманды алғашқы орынға қояды. Иманы, ары, адамгершілігі бар адам ешқашан да опасыздық жасамақ емес. Отанды сүю шынайы иманнан көрініс табады. Имансыз адам Отанның қадір-қасиетін де, маңызын да білмей өтеді. Ы.Алтынсарин өз еңбегінде: «Ол Алла Тағала дене иесі емес, сурет иесі емес, асыл жауһардай заттар сипатында емес, мекен я бір орын иесі емес, бос орынды толтырушыдан емес, тамақ жеушілерден, ішушілерден емес, біреуді тудырған емес, яки біреуден туған емес…» дей келіп мұсылманша жүрсек мін баспас еді бізді дейді. Яғни, бас ұстаздың исламға деген құрметі соншалықты зор еді, алайда кеңестік саясат осы тұстарын сүріп тастап отырды. Оның бір белгісі «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңіндегі «Бір Құдайға сыйынып» деген жерінің алынып тасталуы. Мәшһүр Жүсіп бабамыз:
«Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес, Боларға басқа-басқа бөлектенбес Алланы ешнәрсеге ұқсатуға Еш нәрсе оған ұқсап, жөні келмес Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес, Мекенін бір Алланың ешкім білмес», деп жазған өлең шумағымен исламға деген көзқарасын білдіреді. Өз өмірін болжап кеткен бабамыз «дін талаптарын орындаңдар, сендерді ешқашан жамандық баспайды» деп аманаттаған кейінгілерге. Шәкәрім Құдайбердіұлы болса, өзінің «Мұсылмандық шарты» атты кітабында адам хақы мен хайуан хақына қатысты, адамның жақсы, жаман мінездері, күнә, тәубә, ниет, т.б. істер жөніндегі шариғат үкімдерін жіктеп жазады. Ислам дініндегі парыз, уәжіп, сүннет, мүстәни, мүбах, харам, мәкрүһ, мәфсад сияқты істерге түсінік береді. Күнделікті тұрмыста кезігетін мал сою, неке қию, қарыз беру, жерге, суға иелік жасау, аманат, ақы алу, т.б. жағдайларға байланысты шариғат үкімдерінің әрқайсысын жеке-жеке таратып түсіндіреді. Сонымен қатар хақ жолдан да адасып жүргендер мен өзге діндерді сынаған ол: Жердің жүзін дәл тауып, Ешбір дін жоқ орныққан. Бәрінде де бар қауіп, Дін көбейді сондықтан, – деп дінде адаспай тура жолға түсуді насихаттайды. Қазақ зиялыларының барлығы исламды хақ деп танығанмен, кешегі кеңес заманында осы бір сенімдерге селкеу түсті. Дей тұрғанмен барлығының жүрегі ислам деп соққаны сөзсіз. Бір ғана айғағы Мұқағали Мақатаевтың: «Алла – ақиқат. Аллаға сеніп өтем, Адалдық пен ақиқат серігі екен. Адаспаймын, Аллама сеніп өтем, Арамдыққа баспаймын – жолы бөтен!» деген сынды сенімдері сол заманда да исламның көк байрағы желбірегеніне куә. С. АЛДАШБАЕВ, Қызылорда облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақ зиялыларының діни көзқарасы | Қазақстандағы Ислам