РУХАНИЯТ ӘЛЕМІ
Облыстық ақпататтық газеті
СТИВ ДЖОБС ҰСЫНАТЫН МИҒА АРНАЛҒАН 6 ЖАТТЫҒУ
Стив Джобс американдық өнертапқыш. Көптеген жыл-дар бойы миды дамыту үшін жаттығулар жасаған. Balbal. kz сайты осы жаттығулар-дың тізімін сіздерге ұсынады.
Логикалық ойындар
Жаңа мақсаттар миға серпін береді. Сондықтан айналаңызға қарап, мына сұрақтарға жауап іздеңіз: «Жұмыста қанша бас-палдақ бар?», «Қоғамдық көлік-те қанша жолаушы үстіне бірдей түсті киім киген?», «Жаным-нан өткен екі көліктің нөмірін бір-біріне қосқанда қанша бола-ды?», «Қонақ бөлмедегі кілемнің қанша оюы бар?». Осындай сұрақтарды құрастырып алыңыз.
Күнделік жазыңыз
Көп адам үшін күнделік жазу әдетке айналған. Барлығы өз ойын бөлісетін құрал іздейді. Күнделік жай ғана жазба емес, әлдебір іс-әрекетті қалыптастыруға ар-налған көмекші құрал. Қолымызға қалам алып өз-өзімізге үңілген сәт-те ми талшықтары оянып, өзіңізді айнадан көргендей боласыз.
Тыныштық
Стив Джобс ұсынатын келесі жаттығу – тыныштық. 30 ми-нут тыныштықта отырып тек бір ғана затты ойлаңыз. Басқа ешбір дүниеге алаңдамаңыз. Баста-пқыда 5 минуттан бастаған жөн.
Өзіңізге тәжірибе жасаңыз Адам миына кіріп шықпайтын 12 істі жасаңыз. Мысалы, 20 км жерді жаяу жүріп шығыңыз. 12 сағат бойы тамақтанбаңыз. Таңғы асыңызды ыңғайсыз әрі бұрын-соңды тамақта-нып көрмеген орында ішіңіз. Бір тәулік бойы сөйлемеңіз. Түні бойы көз ілмей жұмыс істеуге ниеттеніңіз.
Жұмысқа басқа жолмен ба-рыңыз
Сізді сергек етіп, жаңа ақпа-ратты есте сақтау үшін қолда-нылады. Мысалы, бұрылыстар, көше атаулары мен ғимараттар сіздің ойлануыңызға итермелейді.
Кітап оқыңыз
Білімімізді байытып, танымымы-зды кеңейтетін – кітап. Кітап оқып отырып қиялдайсыз, рухани ләззат аласыз. Миға демалыс сыйлайсыз. Миыңыздың жұмыс істегенін қала-саңыз, оған уақыт бөліңіз. Қозғаңыз. Сонда ғана әр нәрсенің шешімін тез та-батын ұшқыр ойлы адамға айналасыз.
Жаңа тілді үйрену
Қандай тіл екені маңыздыемес. Жаңа тілді үйрену уақыт-ты қажет етеді. Бірақ күніне 10 сөз жаттасаңыз, миыңыз жақсы-рақ жұмыс істей бастайды. Соңында тілді де меңгеріп шығасыз.
Эмоцияны ұстай біліңіз
1 сағато бойы эмоцияға берілмей әрекет етіңіз.
balbal.kz
ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ КӘСІБІ – ЕТІКШІЛІК
Ауру – аяқтан
Қазіргідей қыстың қақаған суығында қадірі артатын бір киім болса, ол – аяқтағы етік. Аяқ киімнің жылы болмағы – денсаулықтың ке-пілі. Өйткені, суық алдымен аяқтан өтеді. Дәрігерлер адам аяғының тем-пературасы төмендегенде денедегі жылу да күрт азайып, ағза небір ауру-ларды жұқтырғыш келетінін айтады. Аяққа суық тигенде қанның қызметі де баяулайды. Соның салдарынан қан құрамындағы инфекциямен күре-сетін иммундық жасушалар семеді екен. Сайып келгенде, сырқаттың көбі аяқтан болады. Сондықтан, қы-ста алдымен аяқты жылы ұстау керек. Бабаларымыз мұны бұрыннан біл-ген. Сол себепті аяқ киімнің жылы да сапалы болуына қатты мән берген.
Етікшілік – ер кәсібі
Біздің қазақ етікті ертеден-ақ қа-жетіне жаратып, оны тігудің небір тәсілін білген. Осыдан келіп ел арасын-да етікшілік өнер қарқын алды. Етік-шілердің ісмерлігі сонша, тұтынушы-сына, материалына қарай небір түрін тіккен еді. Етікшіліктің қазақтың ежел-гі кәсібі болғанын осыдан-ақ аңғаруға болады. Ол аз десеңіз, археологиялыққазбалар V ғасырда қазақ жерін мекен-деген ескі жұрттардың былғарыдан, жүннен тігілген аяқ киімдерін тапты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысын-да Қазақ даласында етікшілік өнері өте қарқынды дамыды. Себебі осы кезде ма-териалдардың сан түрі шығып, саптама етік, көн етік, былғары етік, жеңіл етік, құрым, шоңайма, кебіс, мәсі секілді аяқ киім түрі көбейді. Сөйтіп қазақ дала-сында етікшілік үлкен кәсіпке айналды.
Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Ә.Бөкейханұлы
Мақалалар
Басылым (ЖҮКТЕУ)
15-қазан-2019-басып-шығару-үшін
15-қазан-2019-басып-шығару-үшін
15-қазан-2019-басып-шығару-үшін
15-қазан-2019-басып-шығару-үшін
Сұхбаттар
Фотогалерея
Контакты
Офис работает с 8 утра до 8 вечера.
Без выходных.
Адрес: Калининград, ул. Карла Маркса, 116
Телефон: +7 (800) 555-45-12
Email: hello@company.com